Байланыс телефондары:
(727) 264 24 09
7(727) 272-55-61
» » Көкөністің нарықта сұранысқа ие сұрыптарын өсіруге басымдық беру керек

Көкөністің нарықта сұранысқа ие сұрыптарын өсіруге басымдық беру керек

04 апрель 2016, Понедельник
884
0
Қазақстанның ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін жеміс-жидек пен көкөністің халықаралық нарықта сұранысқа ие сұрыптарын өсіруге басымдық беру керек. Бұған қоса фермерлер әлемдік ғылымның жетістіктерін пайдалануы тиіс. Әрі өз өнімдерін сыртта саудалағаны абзал.  Бүгін Алматыда ашылған халықаралық конференция-симпозиумда шетелдік экономистер осындай ойларын айтты. Шараға әлемнің 30 елінен 200-ге жуық белгілі ғалым-зерттеушілер қатысуда.  Үш күнге созылатын жиында табиғи ресурстарды басқару, аймақтық сауда мен интеграция, аграрлық экономиканы зерттеудегі тың әдістер талқыланады.  Шағын шаруа қожалықтарын кооперациялау және оларға жаңа агротехникалық технологияларды енгізу мәселесі де ғалымдардың назарынан тыс қалмайды деп күтілуде.  Тлектес Есполов, ҚазҰАУ ректоры  -Бүгінгі шаруа қожалықтарының 40 пайызының 10 гектарға дейін ғана жері бар. Ал 65 пайызының 50 гектар жері бар. Сонда біздің алдымызда тұрған негізгі мақсат – мына ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіру және бұларға осы жерлерде жаңа технологияларды алып келу.  Цви Лерман, Иерусалим университетінің профессоры, Израиль -Біздің кооперативтер мақта немесе бидай өсірмейді. Олар шағын шаруа қожалықтардың өсірген өнімдерін сатумен айналысады. Яғни сервистік қызмет атқарады. Екінші мәселе, ғылымға көп көңіл бөліп, халықаралық нарыққа шығуды ойлау қажет. Яғни ауыл шаруашылығы экспортқа бағыттылуы тиіс. Өнімнің аздаған бөлігін болса да басқа елдерге шығару тырысу керек. 
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры