Байланыс телефондары:
(727) 264 24 09
7(727) 272-55-61

Биография

Өмірбаян       
            
Есполов Тілектес Исабайұлы 1952 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында (Михайловка) дүниеге келді.

Орта мектепті бітіргеннен кейін 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірді.
Өзінің еңбек жолын 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кафедра ассистентінен бастады, комсомол және партия комитеттерінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1978-1981 жылдары Мәскеу қаласындағы А.Н.Костяков атындағы Бүкілодақтық гидротехника және мелиорация Ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыды. Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін сәтті қорғап шыққаннан кейін, 1982 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқытушы, доцент, сонымен қатар, сумен қамтамасыз ету және суландыру жөніндегі Салалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1993 жылы Алматы индустриялдық колледжінің директоры, одан кейін Алматы индустриялды-педагогикалық академиясының ректоры болып тағайындалды. 1997 жылы экономика ғылымдар бойынша докторлық диссертацияқорғап, 2001 жылы профессор ғылыми атағын алды.

2001 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры қызметін атқарады.

Т.И.Есполов жоғары білім жүйесінің дамуына айрықша үлес қосты. Оның басшылық етуімен университет: мамандарды дайындаудың «бакалавр-магистр-PhD докторы» үш сатылы үлгісіне көшті; білім берудің кредиттік жүйесі енгізілді, сонымен қатар, білім берудің әлемдік деңгейіне қол жеткізу бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде: Университет Еуропарлық білім беру кеңістігіне енді, Болон Декларациясына қосылды, 50-ден аса шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісім-шарттарға қол қойылды. Тілектес Исабайұлы республикадағы аграрлық жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты дамытудың инициаторларының бірі, халықаралық ғылыми бағдарламалар мен Темпус, Эрасмус Мундус жобаларының жетекшісі.

Оның белсенді қызметі Қазақстанда кредиттерді қайта есептеудің еуропалық жүйесін (ECTS) енгізу бойынша базалық университет болуға мүмкіндік берді. Т.Исабайұлының басшылығымен университет тоғыз магистрлік бағдарлама бойынша халықаралық аккредитациядан, институциалды аккредитациядан сәтті өтті.

2001 жылы университет әлемнің аграрлық ЖОО-ның Ғаламдық Консорциумы құрамына кірді, ол жерде Т.И.Есполов Атқарушы комитеттің мүшесі, сонымен қатар, ол жерде Орталық Азия мен Қазақстанның аграрлық ЖОО өкілі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жетекші аграрлық жоғары оқу орындары Кеңесі төрағасының орынбасары, Кеңестің атқарушы комитетінің төрағасы.

Т.И. Есполовтың жетекшілігімен: 2010-2015 жылдарға арналған университеттің стратегиялық даму бағдарламасы, Қазақстанда алғаш рет жоғары оқу орындарының зерттеу үлгісіндегі университетке трансформациялануы бойынша қажетті ғылым-білім беру және инновациялық қызметтің басым бағыттары анықталған ұлттық зерттеу университеті ҚазҰАУ-нің 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасы әзірленді. Университет елдегі алғашқылардың бірі болып ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері негізінде білім, ғылым және өндіріс интерграциясы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту бойынша жұмыстарды бастады.

Т.И.Есполовтың ұсынысымен агроөнеркәсіптік кешенді басқару құрылымдарының жоғарғы буын кадрларын қайта даярлауға мүмкіндік беретін «Іскерлік администрация шебері» (ІАШ) бағдарламасы әзірленді. Халықаралық «Экстеншн» үлгісі бойынша университеттің жоғары фермерлер мектебінде фермерлік шаруашылықтар мен басқа да ауылшаруашылық мекемелердің жетекшілері мен жұмысшыларына консалтингтік (кеңес берушілік) және білім беру қызметтері көрсетіледі.

Тлектес Исабайұлының басшылығымен университетте тиімді ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы қалыптасқан. Оның тікелей ұйымдастыруымен университетте заманауи қондырғылармен жабдықталған тағам және экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Қазақ-Жапон  инновациялық орталығы құрылды. Сонымен қатар, унивенрситетте 31 ғылыми-зерттеу лабораториялары 6 ғылыми-зерттеу институттары мен Ғылыми-орталықтар, Кіші ғылым академиясы құрылып, жұмыс істеуде.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, А.Г.Неболсин атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Т.И. Есполовтың басшылығымен ауыл шаруашылығында орта және ірі тауарлық шаруашылықтардың қалыптастыру, кооперацияларды дамыту, интеграцияланған бірлестіктері (кластерлер) құрудың механизмдерін қарастырған аграрлық салада тиімді нарықтық жүйені қалыптастыру Концепциясы әзірленген.

Ол 30 ғылым докторы мен 66 кандидаттан ғалым экономист-аграрийлердің ғылыми мектебін құрды. Ол Қазақстан, сонымен қатар, алыс және жақын шетелдерде жарияланған 300-ден аса ғылыми еңбектің, 12 монографияның, ҚР Білім және ғылым министрлігінің грифімен шыққан 5 оқулықтың, 5 оқу құралының, 15 ғылыми-тәжірибелік тұжырымдаманың, 12 авторлық куәлік пен патенттің авторы болып табылады.

Т.И. Есполов Алматы қаласы Мәслихатының үш шақырылымның депутаты, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты сайлау бойынша Алматы қаласы қалалық штаб төрағасының орынбасары болды. Қазіргі таңда Алматы қаласы Мәслихатының білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалы саяси Кеңес бюросының мүшесі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің коррупцияға қарсы күрес жөніндегі комиссияның мүшесі, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, Алматы қаласының ономастика жөніндегі комиссиясының мүшесі, «Вестник высшей школы» журналының редакциялық алқасының мүшесі, «Ізденістер-нәтижелер. Исследования – результаты» журналының бас редакторы қызметтерін атқарады.

Аграрлық ғылым мен білім саласына қосқан қосқан ерен еңбегі үшін отандық және шетелдік академиялардың, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының, Ресей ауылшаруашылық ғылымдары академиясының, Украинаның аграрлық ғылымдар Ұлттық академиясының, Жоғары мектеп Халықаралық академиясының академигі болып сайланды. «КСРО өнертапқышы» атағының иегері.

Өзінің қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметіндегі сіңірген еңбектеріне сай келесі марапаттарға ие болды: «Парасат» (2005 ж.), ІІ дәрежелі «Барыс» (2010 ж.), «Звезда Славы. Экономика Казахстана» (2013 ж.) ордендері, ҚР Сенат Парламентінің Құрмет грамотасы (2007 ж.), «ҚР білім беру ісінің үздігі» (1998 ж.), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2002 ж.), «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» (2005 ж.), «Қазақстанның құрметті мәдениет қайраткері» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2007 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (1998 ж.) медальдары, Ы.Алтынсарин атындағы медаль (2006 ж.), А.Байтұрсынов атындағы Күміс медаль, «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл» (2006 ж.), «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығы», «Астана қаласына 10 жыл» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж), «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл» (2014 ж.) мерейтойлық медальдар.

«Жасыл ел» және студенттік құрылыс отрядтарын қалыптастырудағы белсенді жұмысы үшін «Жылдың үздік ректоры» (2007 ж.) атағына ие болды.

Қазақстан Республикасы мен ТМД жоғары оқу орындарының, атап айтқанда: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің, Беларусь мемлекеттік ауылшаруашылық академиясының, К.И.Скрябин атындағы Қырғыз мемлекеттік аграрлық университетінің, Әзербайжан ауылшаруашылық академиясының, Молдованың мемлекеттік аграрлық университетінің, Украинаның биоресрустар және табиғат пайдалану Ұлттық университетінің «Құрметті профессоры» болып табылады.

Бұл күндері 4 бала тәрбиелеп өсірді. Олар ҚР экономикасының әр түрлі салаларында қызмет атқарып жүр. Немерелері бар.

        
    
        БИОГРАФИЯ
            

Тлектес Исабаевич Есполов родился в 1952 г. в с. Карасай (Михайловка) Кордайского района, Жамбылской области.

Свою трудовую деятельность он начал в 1975 г. ассистентом кафедры Казахского сельскохозяйственного института, избирался секретарем комитета комсомола и членом парткома, а также председателем профкома института. В 1978-1981 гг. обучался в аспирантуре Всесоюзного Научно-исследовательского института гидротехники и мелиорации им. А.Н. Костякова в г. Москве и успешно защитил в 1982 г. диссертацию на соискание ученой степени кандидата технических наук. После завершения аспирантуры вернулся в Казахский сельскохозяйственный институт, где до 1993 проработал преподавателем, доцентом и заведующим Отраслевой научно-исследовательской лаборатории Казахского сельскохозяйственного института. В 1993 г. был назначен директором Алматинского индустриального колледжа, а затем ректором Алматинской индустриально-педагогической академии. В 1997 г. защитил докторскую диссертацию по экономическим наукам, а в 2001 г. получил ученое звание профессора.

С 2001 года - ректор Казахского национального аграрного университета.

Есполов Т.И. внес значительный вклад в развитие системы высшего образования. Под его руководством осуществлен переход университета на трехуровневую подготовку специалистов: бакалавр-магистр-доктор PhD, внедрена кредитная технология обучения, проводится планомерная работа по достижению мирового уровня образования: университет вошел в Европейское образовательное пространство, присоединился к Болонской Декларации, заключил соглашения о сотрудничестве с 50-ю зарубежными вузами.

Тлектес Исабаевич является одним из инициаторов развития академической мобильности среди аграрных вузов республики, руководителем международных научных программ и проектов Темпус, Эрасмус Мундус.

Его активная позиция позволила университету стать базовым по внедрению европейской системы перезачета кредитов (ECTS) в Казахстане. Под его руководством университет успешно прошел международную аккредитацию по девяти магистерским программам, институциальную аккредитацию.

В 2001 году университет вошел в состав Глобального Консорциума аграрных вузов мира, где Есполов Т.И. является членом Исполнительного комитета. В Консорциуме он представляет аграрные вузы Центарльной Азии и Казахстана. Является заместителем председателя Совета ректоров аграрных вузов стран Содружества Независимых Государств, Председателем Исполкома Совета.

Под его руководством были разработаны: стратегический план развития университета на 2010-2015 годы, Программа развития национального исследовательского университета КазНАУ на 2011-2015 годы, где впервые в Казахстане определены приоритетные направления научно-образовательной и инновационной деятельности, необходимые для трансформации вуза в университет исследовательского типа. Университет один из первых в стране начал работу по интеграции образования, науки и производства, развитию послевузовского образования на основе современных достижений науки и техники.

По его инициативе разработана программма MBA «Мастер делового администрирования», которая позволяет осуществлять переподготовку кадров высшего звена управленческих структур агропромышленного комплекса. По международной модели «Экстеншн» в высшей школе фермеров университета для руководителей и работников фермерских хозяйств, других организаций оказываются консалтинговые и образовательные услуги.

Под руководством Есполова Т.И. в университете сформирована эффективная научно-исследовательская инфраструктура. При его непосредственном участии создан Казахстанско-Японский инновационный центр по проблемам пищевой и экологической безопасности, оснащенный современными приборами и оборудованием. Кроме того, созданы и функционируют 6 Научно-исследовательских институтов и Научных центров с 31 научно-исследовательскими лабораториями, Малая академия наук.

Под его руководством, как ученого, доктора экономических наук, профессора, академика Национальной Академии Наук Республики Казахстан, лауреата Международной премии им. А.Г. Неболсина, разработана Концепция формирования эффективной рыночной системы в аграрном секторе, включающая механизм формирования крупных и средних товарных хозяйств в сельском хозяйстве, развития кооперации, создания интегрированных объединений (кластеров). Им создана научная школа ученых экономистов - аграриев, подготовлены 30 докторов и 66 кандидатов наук. Он является автором более 300 научных трудов, 12 монографий, опубликованных в Казахстане, странах дальнего и ближнего зарубежья, 5 учебников с грифом Министерства образования и науки Республики Казахстан, 5 учебных пособий, 15 научно-практических рекомендаций, 12 авторских свидетельств и патентов.

Есполов Т.И. был депутатом Маслихата города Алматы трех созывов, заместителем председателя Алматинского городского штаба по выборам Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева. В настоящее время является председателем постоянной комиссии Маслихата г.Алматы по вопросам образования, науки, культуры и спорта, руководителем депутатской фракции Народно-демократической партии «Нур Отан», членом бюро Политсовета Алматинского городского филиала Народно-демократической партии «Нур Отан», членом Политсовета Народно-демократической партии «Нур Отан», членом комиссии по борьбе с коррупцией Министерства образования и науки РК, членом комиссии по правам человека при Президенте РК, членом комиссии г.Алматы по вопросу ономастики, членом редакционной коллегии журнала «Вестник высшей школы», главным редактором журнала «Ізденістер – нәтижелер. Исследования - результаты».

За крупный вклад в развитие аграрной науки и образования он избран академиком отечественных и зарубежных академий: Национальной академии Республики Казахстан, Национальной инженерной академии Республики Казахстан, Российской академии сельскохозяйственных наук, Национальной академии аграрных наук Украины, Международной академии Высшей школы, удостоен звания «Изобретатель СССР».

За свои заслуги в общественной и научно-педагогической деятельности он награжден: орденами «Парасат» (2005г.), «Барыс ІІ степени» (2010г.), «Звезда Славы. Экономика Казахстана» (2013г.), почетной грамотой Сената Парламента РК, медалью «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (1998г.), медалью имени Ы. Алтынсарина (2006г.), серебряной медалью им. Ахмета Байтурсынова, юбилейными медалями «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005г.), «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығы», «10 лет Астаны» (2008г.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж), «20-летие создания маслихатов Республики Казахстан» (2014 г.), нагрудными знаками: «Отличник образования Республики Казахстан» (1998г.), «Почетный работник образования Республики Казахстан» (2002г.), «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» (2005г.), «Қазақстанның құрметті мәдениет қайраткері», «За развитие науки в РК» (2007г.). За активную работу по формированию студенческих отрядов «Жасыл Ел» и студенческих строительных отрядов Есполову Т.И. присвоено звание «Лучший ректор года» за 2007 год.

Является «Почетным профессором» ведущих вузов СНГ и Республики Казахстан: ТарГУ имени М.Х. Дулати, Российского государственного аграрного университета (МСХА) им. К.А. Тимирязева, Белорусской государственной сельскохозяйственной академии, Кыргызского государственного аграрного университета им. К.И. Скрябина, Азербайджанской сельскохозяйственной академии, Государственного аграрного университета Молдовы, Национального университета биоресурсов и природопользования Украины.

Воспитал четверых детей, которые трудятся в разных сферах экономики страны, имеет внуков.

        
    
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры